тілдер бірлестігінің онкүндігі » №30 орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №30 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №30 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)7450175
Есепші бөлімі:
+7(727)7450175
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » тілдер бірлестігінің онкүндігі
26
январь
2017

тілдер бірлестігінің онкүндігі

тілдер бірлестігінің онкүндігі

 

 

 

Алматы облысы Талғар ауданы

Туғанбай ауылындағы № 30 орта мектебінің

жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Лингвистика» бірлестігінің жетекшісі

Жандилдаева Гүлмира Кеулимжайқызы

«Тіл білімі – сөз әлемінің құпиясы»тақырыбында өткізілген

пәндік онкүндік туралы

№30 орта мектебінде 2017 жылдың 16-26 қаңтар аралығын қамтыған «Лингвистика» бірлестігінің «Тіл білімі – сөз әлемінің құпиясы» тақырыбында онкүндігі болып өтті.

Мақсаты «Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыра отырып,өзге

тілдерді де білу - бүгінгі күннің талабы екендігіне көңіл аударту,олардың өзіндік шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру, тілге деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру».

«Лингвистика» бірлестігі құрамында 10 мұғалім бар.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 5, жоғары білімді.

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 2, жоғары білімді.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 3, 2-уі жоғары білімді.

Онкүндік басынан бірлестік отырысы өткізіліп, жоспар құрылды.

Онкүндіктің бірінші күнінен-ақ жарқын жасыл түстен тігілген шарф таққан бірлестік мүшелері жарқ етіп ерекшелене шықты. Осы жарқындық пен белсенділік он күн бойы толастаған жоқ десе де болады.

 

 

Мектеп фоэсіндегі тақта беті үш тілде қамтылған түрлі үй жұмысы тапсырмаларына толды. Оның ішінде сөзжұмбақ, сөздің жалғасын табу, мақал құрастыру, аударма жасау т.б болды.

 

 

Онкүндіктің ашылу рәсімі ұстаздар мен оқушыларды қатыстыра іс-шаралармен таныстыру және үш тілде өлеңдер оқу арқылы салтанатты түрде ашылды. Әр тілде өнер көрсеткен оқушылар мойындарына қызыл,қызғылт,

сары түсті ленталар тағып алған. Қазақ, орыс шет тілі мұғалімдері дайындап келген ойындарын ойната, оқушылардың тілге деген қызығушылығын оятты, яғни оқушылар «сөз әлемінің құпиясына» сүңгіді.

 

 

Осы құпиялылық екінші күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.К.Жандилдаева мен Д.А.Айдосова ұйымдастыруымен өткізілген «Алтын қақпа» сайысына жалғасты. 5а,б сынып оқушылары алдымен қола, күміс қақпаның сұрақ-тапсырмаларын орындай алтын қақпаға жетті. Сайыстың алғашқы сатысында 5б сынып оқушылары Е.Тезекбай, Ә.Жұмахан, Ф.Оджахлиева белсенділік танытса, соңғы кезеңінде алға суырылып 5а сыныбы шықты. Команда мүшелері Ә. Дәулетбек, М. Далан мен басшысы Тұрысбай Нұрай жеңісті оңайлықпен бергісі келмеді.

 


Жоспар бойынша оқушылар апта бойы еркін тақырыпта шығарма, ойтолғау жазып, өз ойларынан өлеңдер шығарды. Олардың қатарында 5а сынып оқушысы К.Жанетованың «Қыс» тақырыбындағы шығармасын, 5б сынып оқушылары Ә.Жұмахан мен Е. Тезекбаеваның өлеңдерін, 6б сынып оқушысы Н.Күмісбектің «Жыр арнаймын халқыма» атты өлеңін үздік деп атауға болады.

Ашық сабақтар легін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Н.Бейсебаеваның 5а сыныбында өткізген «Род имен существительных» сабағы бастады. Қазіргі заман талабының талаптарын түгел қамтыған СТО,«Жигсо» әдісі, топтық жұмыстар, АКТ-ны қолдану, саралау, бағалау т.б қолданылған бұл ашық сабақ өзінің жоғары бағасын алды.

 

Бұл - ұлағатты ұстаздың талмас еңбегіне де қойылған баға. Осыдан кейін шеберліктері мен әдістері бірінен-бірі асқан ашық сабақтар өтіп жатты. Атап айтқанда, ағылшын пәні мұғалімі Б.С.Азимбаева жүргізген 7б сыныбындағы «Етістіктер» тақырыбындағы сабақтан оқушылардың бұл тілге деген қызығушылықтарын, интербелсенді әрекеттерін байқасақ , қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Б.Нахимованың 9б сыныбында өткізген «Тыныс белгілер еліне саяхат» сабағында кемеге мінген ұстаздар мен оқушылар шынымен де саяхатқа шыққандай әсерленді.

 

 

Ойдан құрастырған жаңылтпаштары, талдау жұмыстарын жүргізулері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,өз уәжін білдіре алатындықтарын танытты.

Ал 9а сыныбы оқушылары өз білімдерін қазақ әдебиеті пәнінен көрсетті. Пән мұғалімі Г.К.Жандилдаева «Жыраулар поэзиясы – қазақ халқының өшпес мұрасы» тақырыбындағы ашық сабағында ХҮ-ХҮІІІ ғасыр поэзиясы арқылы оқушылар бойындағы елжандылық, адамгершілік қасиеттерді тербетті.

 

тілдер бірлестігінің онкүндігі

 

 

 

 

«Сен ХХІ ғасыр жырауы болсаң не туралы жырлар едің?» деген сұрауға өз ойларын айтқан Ә.Есболат, Қ.Асхаттың жауаптары ұтымды шықты, яғни жастар қазіргі елді торлаған келеңсіз жайттармен бірге жарқын жақтарын да көре алатындықтарын байқатты.

Кешегі бастауыштан келген 5б сыныбы орта буынға қалыптасу бейімін пән мұғалімі Д.А.Айдосова өткізген «Лексикадан өткенді қайталау» сабағында көрсете алды. Олардың сабақ барысында өздерін ұстауы, сабаққа жауап беру тәртібі бәрі өз орнымен жүріп жатты. Сабақ жоспарындағы сұрақтар бойынша, семантикалық картамен жұмыс, суретті әңгіме , өзіндік жұмыстар т.б бір-бірімен байланысты кезеңдер оқушыны жалықтырмайды,қайта тіл білімінің қызықты құпиясына жетелейді.

 

 

 

 

Бұл сыныпта жеке эрудитті Д.Шаяхмет, Б.Жексенбай сынды оқушылар бар екендігін тануға болады. Онкүндік барысында «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» деген тақырыптағы үш буын өкілдерінің ағылшын тілі аясында кездесуінде бізге А.Б.Бестерекова дәріс беретін 1-сынып оқушылары қонаққа келді. Жаңа буын оқулықтарымен оқып жатқан бұл бүлдіршіндер өз ойларын суреттер арқылы танытты. Ал орта буыннан қатысқан 5-6-сынып оқушылары «Шалқан» ертегісі бойынша көрініс қойып, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін шырқаса, жас маман Г.Ж.Шынасылованың шәкірттері 9-сынып оқушылары еркін аударма жасап, диалогты түрде әңгіме құрды.

 

 

Гүлмира Жомартқызы - біздің қатарымызға биыл қосылған жас маман. «Жас келсе іске» демекші, жаңалыққа жаны құмар жас.

 


 Осындай сыныптан тыс шара қатарындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Б.Т.Омарова мен Қ.Н.Бейсебаеваның ұйымдастыруымен өткізілген «В мире сказок» іс-шарасы көпшілік көңілінен шықты. Бөлменің безендірілуінің өзі нағыз ертегілер елінде жүргендей әсер қалдырады. Түрлі-түсті шарлар, гүлдер ішінде отырып бәріміз балалық шаққа саяхат жасай, сүйікті ертегі кейіпкерлерімен қауыштық.

 

 


Алдымен викториналық сұрақтар арқылы ертегілерді есімізге түсірдік, сосын әр сынып өз ертегілерін таңдай , киімдерін соған лайықтап,шебер ойнап шықты.

 

 

 

5а сынып оқушысы Тұрысбай Нұрай Қызыл телпектің әнін шырқай ортаға шықты

5б сыныбы «Алдар Косе и хвастливый бай» ертегісін ала отырып, байдың мақтаншақтығын әшкереледі.

6б сыныбы «Сказка о царевне и семи богатырях» ертегісі арқылы өз қиялдарына ерік бере ойнады.

 

 

 

 

7б сыныбы – «Сказка о царе Салтане» ертегісінен үзінді қойды. Бұл сыныптан қатысқан Келтай Абылай өз рөлін жақсы орындап шықты.

7а сыныбы –«Двенадцать месяцев» ертегісін қойды.

8-сынып оқушылары «Дюймовочка» ертегісін сахналады. Сол аралықта қайдан шыққаны белгісіз қазақ ертегісіндегі жалмауыз кемпір сап ете қалып зәремізді алды, бірақ мінезі жұмсара бастапты, жасы да екі мыңға жуықтаған екен, қартая бастаған ғой, бәрімізге кәмпит беріп үйіне қайтты.

 

 

 

Оқушыларымыз мектеп сахнасымен ғана шектелмей арасында республика сахнасын да бағындырып қайтты. ІХ республикалық М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Ғұмырдария» атты байқауға

6-10-сынып аралығынан бес оқушы қатысып, 6а сынып оқушысы Молдаш Алуа ІІ дәрежелі лауреат (пән мұғалімі Д.А.Айдосова), 10-сынып оқушысы Жумаева Лейла ІІ дәрежелі лауреат (пән мұғалімі Ж.Б.Нахимова) атанса, қалған оқушылар дипломат атанып Алғыс хаттармен оралды.

Бұл – мектебіміздің жеңісі! Оқушыларымыз тек биіктен көрінсін! Еңбектеріңіз жана берсін, Ұстаздар!

 

тілдер бірлестігінің онкүндігі

 


Мектепішілік Махамбет оқуларына қатысқан әр сыныптың елжанды ұрпағы «Мен,мен едім, мен едім» деп Махамбет ақынша жыр төкті. Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығының әлі ашылып бітпеген қыр-сырына үңілді, мағлұмат алды.

Ал аудандық Махамбет оқуларына қатысқан 5а сынып оқушысы

Далан Мүбарак белсене қатысқаны үшін мақтау грамотасына ие болып қайтты.

Осы іс-шаралардың барысында мектеп кітапханасымен байланыс орнай, көрнекіліктер қатарында бірінші кезекте кітаптар орын алды. Мектеп кітапханашысы Т.Н.Жұмабекова Махамбет ақын шығармашылығынан көрме ұйымдастырды.

Онкүндіктің түйінін «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тақырыбындағы семинар сабақ қойды. Алдымен үш айлық курстың үшінші дәрежелі бағытын оқып келген ағылшын тілі пәні мұғалімі Б.С.Азимбаева мұғалімдермен бірге топтық жұмыс арқылы «Көшбасшылық» атауының мағынасын айқындады. Әр топ постер арқылы қазіргі мұғалім бейнесін танытты. Сосын шаттық шеңберге тұра қалып иірілген жіпті тарқата жүргізіп, өз сұрақтары мен тілектерін жеткізді. Бұл байланыс – бір-бірімен ой бөлісудің ең тиімді көрсеткіші болды. Келесі кезекте орыс тілі пәні мұғалімі Қ.Н.Бейсебаева «Сыни тұрғыдан ойлау» тақырыбын ашты.

тілдер бірлестігінің онкүндігі

 

тілдер бірлестігінің онкүндігі

 


 


 

Бұл тұста мектеп директоры Аманжолов Данияр Тайжанұлы бастаған топтың мұғалімдері белсенділік танытты. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімі А.Искакова мен химия пәні мұғалімі Н.Сәрсенбаева өз образдарына беріле енгені соншалық, керемет әсер қалдырды.

Міне, онкүндік те өз мәресіне жетіп қалды. Осы семинардың соңын ала ұйымдастырылған «Мұғалім» сөзжұмбағы мен «Ол не?» ойыны мұғалімдерді ізденіске жетеледі. Ал қима қағаздарды алып біріктіру арқылы ортада «Ұстазым» әні шырқалды. Мектеп директоры Аманжолов Данияр Тайжанұлы өзінің қорытынды сөзінде мұғалімдерге жемісті еңбек тілей отырып, «Лингвистика»бірлестігінің жұмысына оң баға берді. Алдағы уақыттарда да тек озық ойлармен озып жүруге тілектестік білдірді. Мұндай марапаттан мектеп оқушылары да қалыс қалған жоқ. Әрбір іс-шара бойынша үздіктер мақтау грамоталарымен марапатталды.

 

 


 

 


 

 

«Лингвистика» бірлестігі келесі кезектегі өзін өзі тану пәні мұғалімдерінің онкүндігіне сәттілік тілей отырып,эстафета ретінде ішін мектеп өмірінен алынған суреттерге толтыру мақсатында фотоальбом тарту етті.


 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Nicole
21 июля 2019 20:33
На нашем сайте вы можете найти все про kupit-spravku-samara.com
Kimberly
25 июля 2019 23:00
На нашем сайте вы можете найти все про турецкое порно
Cristina
3 августа 2019 22:21
На нашем сайте вы можете найти все про диплом бакалавра
Watthanachai
24 августа 2019 01:04
На нашем сайте вы можете найти все про https://spokane-escorts.info/4-152-402-871.html
Gary
31 августа 2019 19:43
На нашем сайте вы можете найти все про печать на квитанции к приходному кассовому ордеру
OLRal
3 мая 2020 16:46
Бетонні стільниці — це практичний варіант облаштування робочого простору кухонної зони, так як бетон в порівнянні з гранітом, мармуром, іншими видами натурального або штучного каменю має ряд важливих переваг, таких як надійність, довговічність, а також економічність. Вартість бетонної стільниці в кілька разів дешевше, ніж вартість робочих кухонних столів, виконаних з натурального мармуру або граніту. Також бетон може бути абсолютно будь-яких форм, параметрів і конфігурацій і в подальшому може бути пофарбований в будь-який колір за бажанням дизайнера або домовласників.
BoecCoisa
28 мая 2020 13:22
Тоже вариант! Только лично я сделал бы вот так - ссылка
WalerPierm
18 августа 2020 06:15
Чудесно . Впрочем принципиально больше нравится предложение этого сайта. Уверена это лучшая идея