"Ауғанның отты жылдары" атты Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 29 жыл толуына орай ұйымдастырылған кездесу
Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 29 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шаралар туралы мәлімет
№30 орта мектеп /2017-2018 оқужылы/
Мектебіміздің мәжіліс залында 14.02.2018 жылы «Ауғанның отты жалыны» атты Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 29 жыл толуына орай ұйымдастырылған тарихи – танымдық кеш өткізілді. Мерекелік кешке ауған соғысы ардагерлері : Тыныбаев Байжұман,Жакупбаев Серік Ахметжанов Тенты,Исабеков Мухит, Жумаев Муслим, Тоқтарбаев Боранбай және ауған жерінде қаза тапқан жерлесіміз Төлбас Өлмесұлының анасы –Тоқтарбаева Қарлығаш анамыз шақырылды. Іс-шараның мақсаты: Ауған соғысының аяқталуына 29 жыл толуына орай айтулы күнді атап өту. Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы соғыс жайлі мағлұматтар алып оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейту.Тарихи оқиға туралы мәлімет беру арқылы оларды елжандылыққа тәрбиелеу.
Әдеби –сазды тарихи кездесу барысында мектебіміздің үздік оқушыларының бірі Абдибалиқызы Аружан «Ауған соғысы: тарих,шындық,тағылым» атты баяндама оқыды. Абдибалиқызы Аружан өз баяндамасын мынадай сөздермен қорытындылады. «Құрметті майдангерлер! Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығының халықтың зердесінде бағасы артып,уақыт алдыға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы биіктей бермек.Біз сіздерді мақтан етеміз!».
Өскелең ұрпақтың танымдық көзқарасын кеңейту мақсатында :
1-«Ауған соғысы»(слайд), 2-видеофилым «Пароль» «Афганистан. Начало» көрсетілді.
Мектеп оқушыларының «Ауған соғысы» атты әдеби монтажы мерекуелік кештің тарихи –танымдық деңгейін көтерді.
Ардагерлермен кездесу мектеп жұлдыздарының орындауында «Аманат» әнімен аяқталды.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Р.С Исабекова