өзін-өзі тану пәні бойынша өткізілкен 10 күндік іс- шара
Жалпы білім беретін №30 орта мектеп
«Өзіңді тану- өмірді тану»
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткізілген
онкүндік туралы ақпарат
(С.А.Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне орай өткізілді)
Туғанбай ауылы
2016-2017 оқу жыл
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткізілген
онкүндіктің туралы ақпарат
(С.А.Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне орай өткізілді)
№30 орта мектепте 2017 жылдың 3-14 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану»
пәні оқулығының авторы С.А.Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне орай
«Өзіңді тану-өмірді тану» атты онкүндік ұйымдастырылды.
Онкүндік жоспары жасалып, іс-шаралар өткізілді . Онкүндік жоспарына сай барлық іс-шараларға оқушылар атсалыса қатысты.
Іс-шаралар аясында оқушыларға адамгершілік пен мейірімділік, өзара көмек әрекеттері туралы түсініктер беріліп, қамқорлық жасау дағдыларын дамыта отырып, өз өмірі үшін қолдануға бағытталды.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткізілетін
онкүндіктің жұмыс жоспары
(С.А.Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне орай өткізіледі)
№30 орта мектеп2016-2017 оқу жылы
№ |
Іс-шаралар |
Өткізілу уақыты |
Жауаптылар |
1 |
«Өзіңді тану- өмірді тану» Онкүндіктің ашылу салтанаты |
03.02.17 Сағ. 1500 |
Пән мұғалімдері: Ж.С.Камшыбаева З.С. Талханбаева Г.А.Тюлепбергенова |
|
«Мен және табиғат»; «Менің Отбасым»; «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыптарында оқушылардың сурет және қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастыру |
Апта бойы |
Сурет, еңбек пән мұғалімдері
|
|
«Отан», «Мектеп», «Табиғат», «Отбасы», «Әдептілік-әдемілік» тақырыптарында шығарма, эссе, өлең жазу (5-10 сыныптар) |
Апта бойы |
Қазақ тілі ж/е әдебиет пән мұғалімдері |
2 |
«Музыкадан нұр шашқан Нұрғиса» - атты ашық тәрбие сағаты /7а сынып / |
04.02.17 Сағ. 1130 |
7а сынып жетекшісі Ж.С.Камшыбаева |
3 |
Жас мамандармен жүргізілетін дөңгелек үстел «Менің педагогикалық шеберлігім» |
06.02.17 Сағ. 1100 |
Мектеп психологтары |
4 |
«Жақсы сөз-жарым ырыс» конференция 7-11 сыныптар |
07.02.17 Сағ. 1500 |
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері |
5 |
«Өзін-өзі тану баспалдақтары», «Өзіңді тану-өмірді тану» «Өзін-өзі тану» пәнінен ашық тәрбие сабақтары |
08.02.17 11.03.17 |
Пән мұғалімдері Сынып жетекшілері |
6 |
«Өзін-өзі тану - балалар көзімен» атты интеллектуалды ой-сана сайысы /4-9 сынып-аралық/ |
09.02.17 Сағ. 1500 |
З.С. Талханбаева |
7 |
«Мамандықтың бәрі жақсы» тренинг сабақ (10-11 сыныптар) |
10.02.17 Сағ. 1500 |
Мектеп психологы Г.А.Тюлепбергенова |
8 |
«Бақытты балалық шақ» тақырыбында концерттік бағдарлама (2-9 сынып оқушылары) |
09.02.17 Сағ. 1500 |
Музыка пән мұғалімі Әміреева Г.А
|
9 |
Ата-аналардың қатысуымен «Менің балам ақылды» атты тренинг «7«а-б»сыныптар» |
10.02.17 |
Мектеп психологтары Өзін-өзі тану пән мұғалімдері |
10 |
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Толағай» сайысын ұйымдастыру. Қысқы ойындардан (шана, шаңғы, хоккей) жарыстар ұйымдастыру (2-10сыныптар) |
11.02.17
|
Дене тәрбиесі пән мұғалімдері: Камесхан С Сванкулов Н |
11 |
«Ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу» (8 сынып оқушылары және пән мұғалімдерімен психологиялық кездесу) |
13.02.17 |
З.С.Талханбаева
|
12 |
Онкүндіктің салтанатты жабылуы. Қорытындылау. Марапаттау рәсімі. |
14.02.17 |
ДТЖО Р.С.Исабекова |
Қазіргі таңда 1-11 сыныптар бойынша «Өзін-өзі тану» пәнінен
сабақ беретін 3-мұғалім бар
№ |
Мұғалімнің аты-жөні |
Сыныбы
|
1 |
Талханбаева Зағипа Сейлхановна |
4-9 сынып |
2 |
Камшыбаева Жаркын Сарсеитовна |
1-3 сынып |
3 |
Тюлепбергенова Гулнур Абдимажитовна |
10-11 сынып |
Онкүндік оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен
«Өзіңді тану- өмірді тану» атты әдеби-сазды кешпен ашылды.
Бейнелеу пәні мұғалімі және сынып жетекшілердің бірлесуімен апта бойына «Мен және табиғат»; «Менің Отбасым»; «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыптарында оқушылардың сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Оқушылар көрмеге қызыға қатысып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді.
04.02.2017 жылы акт залында Ж.С.Камшыбаеваның ұйымдастыруымен
7а сынып оқушыларымен«Музыкадан нұр шашқан Нұрғиса» - атты сахналандырылған ашық тәрбие сағаты өтті.
Оқушылардың бойларында үлкендерге деген қамқорлық, сүйіспеншілік дағдыларын меңгертті.
Ол кісінің музыкасына жазылған әндер мен күйлер орындалып, «Менің атым - Қожа» кинофильмінен үзінді көрсетілді.
Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаянын оқушылар көрініс арқылы сомдап көрсетті. Нұрғиса туралы ақын-жазушылардың шығармалары оқылды
06. 02. 2017 күні жас және жаңадан келген мамандарға психологиялық көмек көрсету мақсатында «Менің педагогикалық шеберлігім»-атты тренинг сабақ өтті.
Семинар барысында жас мамандармен бірігіп «Қазіргі заманның ұстазы қандай болу керек?», «Қазіргі заманның оқушылары қандай болу керек?» және «Қазіргі заманның ата-аналары қандай болу керек?» деген мәселелер талқыланды, және сол айтылған дәрежеге қалай қол жеткізуге болатыны айтылды.
Мұғалімдер топпен жұмыс жасады, әр топ өз постерін қорғады. Әр топ алдын ала дайындалған ситуациялық сұрақтарына жауап берді. Оқушыдардың тұлға ретінде дамуына ықпал ететін мұғалімнің рөлі жайында слайдтар көрсетіліп, бірге талқыланды.
Соңында бейнематериалдар қолданылды.
Психологиялық тренинг барысында адамдар арасындағы сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық ұғымдарын терең ашып, мейірімділік арқылы адам бойындағы имандылық пен инабаттылық қасиеттерін дамытуға болатындығы туралы жан-жақты мағлұмат алды. Ұстаздар тренингтерге белсене қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибелерінен ой-талқы жасап, ризашылық сезімдерін жеткізді.
«Жақсы сөз-жарым ырыс» -атты 7-11 сыныптардың қатысуымен конференция өтті
Өзара қарым-қатынасты жақсарту мақсатында, әдепті сөйлеу, инабатты болу, сынып жетекшісімендұрыс қарым –қатынаста болу, психологиялық кеңес, ағарту жұмыстары жүргізілді.
«Әдептілік-әдемілік» -атты баяндама оқылды.
Сұрақ-жауаптар арқылы оқушылар өз ойларын ашық айтып, соңы пікірлесумен аяқталды.
08.02-11.02.2017 аралығында «Өзін-өзі тану» пәнінен «Сабырлылық пен ұстамдылық», «Армысың кең дүние!», «Құдіретті Жер-Ана», «Әдептен озбайық» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.
«Өзін-өзі тану - балалар көзімен» атты интеллектуалды ой-сана сайысы /4-9 сынып-аралық өтті.
Оқушылардың өзін-өзі танудың мәнділік жөніндегі ұғымдарын кеңейту мақсатында:
-Рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру.
-Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету,
-Мейірімді, ықыласты , жан-жақты болуға тәрбиелеу.
-Өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға бейімдеу.
-Адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән –мағынасын түсіндіру;
-Жаныңда жүрген жақын адамдарға , отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
-Жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге үйрету
-Жарыста жеңімпаз болуға, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:суреттер, музыкалық әуен,
портфолио, суреттер мен кітаптар көрмесі. Сыныптардың шығарған газеттері
Сайысымыздың ережелері:
Қатысушылар: 4-9 сынып оқушылары, әр сыныптан 4-5 оқушы қатысады.
Әр сыныпқа берілген тақырыптары бар. Сол бойынша сайысқа түседі.
Ән де ,көріністе, шығармашылық жұмыстары да тақырыпқа байланысты болды.
Берілген тақырыптар:
4а-б сынып «Бақытты балалық шақ»
5а-б сынып «Табиғатқа қамқорлық»
6а-б сынып «Бақыт құшағында»
7а-б сынып «Іздегенде табылатын қасыңнан»
8 сынып «Мейірімділік асыл қасиет»
9а-б сынып «Аялай біл, сен деп соққан жүректі»
Сайысымыздың бөлімдері:
1.Тақырыптарына байланысты өздерін таныстыру. Портфолио, дәлелдерін көрсету.
2.«Өнерлі өрге жүзер» ән сайысы.
3.«Ойлан тап» ақыл-ой сайысы (Мақалды жалғастыру, жұмбақ шешу,сөйлемді аяқтау. тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу)
4.«Қайырымдылық» тақырыбында көрініс көрсету
5. Қорытынды. Әділқазыларға сөз беру
10-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар бойынша «Мамандықтың бәрі жақсы егер жүрек қаласа» атты тренинг- сабақ өтті.
Өткізілген мерзімі: 10. 02. 2017 оқу жылы.
Тренинг-сабақтың барысы:
1 «Мамандықтың бәрі жақсы» бейне таспа оқушыларға көрсету.
2 «Менің құндылығым» әдістемені орындау.
3 «Менің болашақ мамандығым» психологиялық бейне таспа көрсету.
4 «Мен қаладым» саралаушы-диагностикалық сұрақнамасын орындау.
5 «Сіздің мінезіңіз» тесті орындау.
6 «Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан» әр оқушыға ереже таратып оқып түсіндіру.
Нәтижесі: Тренинг-сабақ барысында оқушылар өз ойларын пікірлерін ортаға салды. «менің құндылығым» атты әдістемені оқушылар жақсы орындап өзінің құңдылығына қарағанда, қоғамға деген құңдылықты жоғары қойды. «Мен қаладым» саралаушы-диагностикалық сұрақнаманы орындап, әр оқушы 6-типтін қайсысына жататының білді, болашақта қандай мамандық өзіне, өз мінезіне келетіндігін білді. «Сіздің мінезіңіз» тестің оқушылар орындап әр оқушы өзінің мінезі қандай екенің білді.
«Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан» әр оқушыға ереже таратылды әр топтан бір оқушы шығып ереженің әр пунктін оқып түсіндірді.
Трениг-сабақ «кім тез» жаттығумен аяқталды.
«Бақытты балалық шақ»тақырыбында музыка пәні мұғалімімен бірлесе отырып оқушылар арасында ән байқауы өткізілді. Байқау ерекшелігі бойынша бұрын сахна өнеріне қатысы жоқ оқушыларды шығарып, өз таланттарын ашуға көмектесу болатын.
Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында 7а-б сынып оқушылары мен ата-аналарымен «Менің балам ақылды»тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Психологиялық тренинг барысында ата-ана бала арасындағы сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық ұғымдарын терең ашып, мейірімділік арқылы адам бойындағы имандылық пен инабаттылық қасиеттерін дамытуға болатындығы туралы жан-жақты мағлұмат берілді. Ата-аналар тренингтерге белсене қатысып өздерінің өмірлік тәжірибелерінен ой-талқы жасап, ризашылық сезімдерін жеткізді.
Ата-аналардан «Мен қандай ата-анамын» психологиялық тест алынды.
11.02.2017 Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2-10 сыныптар аралығында қысқы ойындардан (шана, шаңғы) жарыстар ұйымдастырылды
Оқушыларды спорт алаңынаапарып, бастауыш сыныптар арасында шанамен жарыс, жоғары сыныптар арасында шаңғы жарысы өтіп, балалар жақсы көңіл күйде болды. Қызықты өтуіне дене шынықтыру пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері жақсы ықпал етті.
13.02.2017 пәнінің педагогтары мен мектеп тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен
8 сынып оқушыларымен ұстаздар арасында «Ұлағатты ұстазға-инабатты шәкірт бола білу» - атты мейірімділік, адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарға байланысты психологиялық тренинг сабақ өткізілді.
Өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығы, жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік беретіндігі жан-жақты ұғындырылды. Жалпы өзін-өзі тану пәні арқылы баланың өзінің қадірін білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өз бетінше шешім қабылдау және ата-анамен, мұғалімдермен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал ететіндігін түсінді. Осы жұмысты өткізу барысында оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгеріп, ұйымшылдығы артқандығы байқалды.
Ұстаздар тренингтерге белсене қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибелерінен ой-талқы жасап, ризашылық сезімдерін жеткізді.
14.02.17ж. күні онкүндік қорытындысы концерттік бағдарламамен салтанатты түрде өтті. Қорытынды сөз директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Исабекова Роза Сундетбаевнаға берілді. Ол кісі онкүндіктің өтілуіне тоқталып, «Өзін-өзі тану» пән мұғалімдерімен оқушыларға алғысын айтты.
Осы іс-шараға белсене қатынасқан оқушыларды мақтау қағазымен және алғыс хаттармен марапаттады.
"; var selField = "comments"; var fombj = document.getElementById( 'dle-comments-form' ); -->